Өлең, жыр, ақындар

Балабақшада

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2888
Күлімдейді күніміз.
Көңілді ән-күйіміз.
Асыр салып жүреміз,
Тәртіп бұзбай жиі біз.

Білеміз біз, сұраңыз.
Жаттап алдық жыр-аңыз,
Тәрбиеші апайдың,
Айтқанын тез ұғамыз.

Дайын тақпақ, әніміз.
Би билейміз бәріміз.
Өнерліміз, кішкентай
Болсақ дағы әлі біз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аяз

  • 0
  • 0

Қырда, бәлкім сайдасың?
Кел, кел, аяз, қайдасың?!
Алты таудан асып кел!
Аппақ қарды басып кел!

Толық

Ең жақын адам

  • 0
  • 0

Шағып алса қалақай,
Тентегім деп күледі.
Құлатты ма ала тай –
Айтпасаң да біледі.

Толық

Көлеңке

  • 0
  • 0

Егізімдей үнемі,
Менен қалмай жүреді.
Иіліп ем, иілді.
Жүгіріп ем, жүгірді.

Толық

Қарап көріңіз