Өлең, жыр, ақындар

Дала жыры

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1422
Даланың жыр-әні,
Сыбдырлап құрағы.
Гүрілдеп өзені,
Сыңғырлап бұлағы,
Ән салып тұрады.
Қаңқылдап қаздары,
Қалықтап мәз бәрі.
Бұлбұлдың сайраған,
Төгілген сазды әні.
Оркестр секілді,
Күй тартқан жаздағы.
Ескен жел гуілі,
Араның дуылы.
Тыраулап тырналар,
Шегіртке шырылы.
Даланың әуені –
Тербетіп тұр үні.
Өрістен жамырар,
Әсем ән тағы бар.
Кісінеп тай-құлын,
Қозы-лақ маңырар.
Даламның әуені,
Осындай әні бар.
Тербеліп боз далам,
Бозторғай созған ән.
Бақасы барқылдап,
Боталар боздаған.
Даламның әуені –
Жан сырын қозғаған.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түркістан

  • 0
  • 2

Исі қазақ қастерлер кие қонған,
Түркістан,
Қақпасына ер түркінің ие болған,
Түркістан.

Толық

Жеміс-жидектердің айтысы

  • 0
  • 0

Міне, дархан күз де кеп,
Жеміс берді бізге көп.
Бір күні олар айтысып,
Қалды азырақ сөзге кеп.

Толық

Еркін елдің ұрпағымыз

  • 0
  • 0

Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!

Толық

Қарап көріңіз