Өлең, жыр, ақындар

Жазғы демалыс

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 5431
Тұнған әсем тауы нуға,
Ақшаңқан үй бауырында.
Демалыста барам ылғи,
Ата-әжемнің ауылына.
Қаз-үйрегі көлде жүзіп,
Таусылмайды күнде қызық.
Тошаласын, қарақатын,
Бал татиды жегенде үзіп.
Таңғажайып мән бергенге,
Көңілімді ән кернеуде.
Түрлі әуенмен шалқиды ауыл,
Кешке өрістен мал келгенде.
Ағады онда бұлақ күліп,
Жайқалады құрақ тұнып.
Асыр салып, мәз боламын,
Қозы менен лақ қуып.
Шомыламын суға барып,
Жидек терем нуға барып.
Көркем ауыл табиғаты,
Сонда ғажап, думан сауық.
Жаз шалғынын желкен еткен,
Ауыл ғажап ертегі екен.
Атам беріп ақ батасын,
Әжем күнде еркелеткен.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кітаптың назы

  • 0
  • 0

Кім оқыса таласа,
Дос боп кетем жараса.
Алған кезде сөреден,
Қуанып ем балаша.

Толық

Ел бірлігі

  • 0
  • 2

Кең-байтақ жеріміз,
Татулық тұрағы.
Бауырмал еліміз,
Ынтымақ ұраны.

Толық

Данабектің қылығы

  • 0
  • 0

Данабек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».

Толық

Қарап көріңіз