Өлең, жыр, ақындар

Мұрагер

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1453
Мен, Сен, Ол – мұрагерміз бәріміз де,
Жасымыз, ұл менен қыз, кәріміз де.
Атаның дақ түсірмей өнеріне,
Әр сөздің, әр қаденің нәрін ізде.
Әзірге мұрагер боп жарытқам жоқ,
Жанына азық жетпей тарыққан көп.
Мұраны талапайға салғандарды
Ақтаймыз, өз жанынан қорыққан деп.
Қалғанды далам бізге мұра болып,
(Бәрі де "дүние" деп тұрар өліп).
Жеріңді, өнеріңді бәрі дайын,
Алуға жапырақтап, сірә, бөліп.
Кешегі арғымақтан, қазанаттан,
Куәміз азып тұқым бара жатқан.
Иесі сол мұраның не бір сабаз,
Айрылдық алтын басты азаматтан.
Бір ұрпақ тағы келді мұрагер боп,
Сендерден туған елдің сұрары көп.
Сақтаңдар ел мұрасын жанды аямай,
Бір келін тағы бір ұл туады деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шындық

  • 0
  • 0

Шындық-діңгек, өмірге тіреу ме еді?
Білімділер - ол жалқы, біреу дейді.
Бірақ соның отына, бұ не ғажап,
Біреу тоңып жаураса, біреу күйді.

Толық

Сұрақтар

  • 0
  • 0

Ағайынды жақтағанда не таптым —
Шатағын шыдай берген төзім бе?
Достар сені мақтағанда не таптым —
Суып тынған ақырында сезім бе?

Толық

Орташа

  • 0
  • 0

Айдай беске апайым бірді қосып
Ортасынан қақ жарып үш қылатын.
Өттік жастан ойнайтын санды қосып,
Жеттік жасқа еліне іс қылатын.

Толық

Қарап көріңіз