Өлең, жыр, ақындар

Әке жауабы

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 682
Жас кезiмде толып тұрды жырға маң,
Ел өмiрiн елестеткен бұрмалаң.
Ендi, мiне, бейне мылқау әкедей
Үн қатпайды, сырын бүгiп тұр далам.
Тыңдап бiрде Досан батыр дастанын,
Шымырқанғам, кекке толып жас жаным.
Қорған болғым келiп кеткен батырға
Шейiт болған қорғап жерiн, аспанын.
Орақ атам жолдас болған Досанмен,
Әкем, анам таң атырды осы әнмен.
Отан сүю сабағындай жастарға
Ерлiктерiн ендi жырға қосам мен.
“Неге, неге?” – болды бiр кез сұрағым,
Кiл сұрақтан мен де ойымды құрадым.
Бiлмедi ме аямасын жауының,
Салды неге азаттықтың ұранын?
Құдiретiн зеңбiректiң, мылтықтың
Неге айтпаған түсiндiрiп жұрт ұқсын.
Сан боздақты өлiмге айдап, өзiн де,
Неге түстi жолына ол қырсықтың?
Тыңда, балам, сөзiн айттың жаттардың,
Жанға бола ар үстiнен аттар кiм!
Жассың әзiр, кешiрейiн, келешек
Сақ бол, балам, ендi естiсем, даттармын.
Күле алмайды қайсар елдi мазақ қып,
Жан қиятын игi жолда азаттық.
Ұл дегендер өлу үшiн туады,
Өз Отанын тазартқанша азат қып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыдыр-Ата

  • 0
  • 0

Шығыс жаққа жанарын алыс тігіп,
Сан сұраққа ойынды жалғастырып.
Келіп қапты, ағайын, қабыл алың,
Ортаңызға бір атаң, барым мініп!

Толық

Құрдастар

  • 0
  • 0

"Жаман қатын" қалай жүр маңайында?
Күпі киіп, керзі етік жаз айында?
Бір кездегі сұлуды сылаң қаққан,
Күте алмаған өзіңнің сазайың да!

Толық

Ұйқыңды қишы бір түндік

  • 0
  • 0

Ұйқыңды қишы бір түндік,
Сырласып сандық ашайық.
Кешірші мені еркінсіп
Бақыттан кетсем масайып.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер