Өлең, жыр, ақындар

Бір әйелдің ботасын жоқтағаны

  • Bain
  • 04.05.2015
  • 1
  • 0
  • 6527
Ертеде бір қатынның бойжеткен қызы болыпты. Екі ботасы бір інгенге тел болыпты. Үйіне бір қонақ қонып: «Қырықтың бірі - қыдыр!» - деп, тойғызып, сыйлап салыпты. Таң сәріде қатын түрегелсе, екі ботаны ит-құс тып-типыл қылып кетіпті. Түйе боздап, азынап тұр дейді. Сонда қатын екі бүйірін таянып, отыра қалып, дауыс қылып ботасын жоқтағаны:

Боз інген боздап тұр-ау ботасына,
«Қонағым қыдыр болған» - жатасың ба?
Қыдыр болған кісіге қыдыр-дағы
Мен сиейін қонақтың батасына!
Екі ботам бар еді қауыпы май,
Қара малдан аз еді-ау сауыным-ай!
«Кешкі қонақ қыдыр!» деп, жұрт айтады,
Енді қонақ жолатпан ауылыма-ай!
Есік алды қара су, балдыры бар,
Балдырына атыңды шалдырып ал.
Айдап келген ботамды байлап салмай,
Ерке қарым, ұйқыңды қандырып ал!
Екі ботам бар еді, бота-ақ еді,
Қонған жерім ботаға от-ақ еді.
Айдап келген ботамды байлап салмай,
Ерке қардың іздегені қонақ еді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ахтам хазірет һәм Ғалы батыр

  • 0
  • 0

Бисмилла, қалам алып жаздым хатты,
Үміт қып пайғамбардан шапағатты.
Жанаділ шаһарының патшасы
Естиді: "Батыр бар, — деп — Ғалы атты!"

Толық

Бұлақ көзі

  • 0
  • 0

Шығады: "асыл - тастан, өнер - жастан",
Тәрбие тәуір болса әуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді:
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.

Толық

Өлім алдындағы хал

  • 0
  • 0

Қаламды, жазайын деп, алдым қолға,
Қатесі болса сөздің, Құдайым оңда!
Азырақ адам халін мен сөйлейін,
Жамағат, шала тыңдап, ғапіл қалма!'

Толық

Қарап көріңіз