Өлең, жыр, ақындар

Каспий толқындары

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2739
Ойыны ма –толқындардың жарысқан,
Ерегес пе – мен де сенен қалыспан.
Табанына тапталмауға басқаның
Соңғы дем бе, қорқыныштан жан ұшқан?
Асау толқын шалқарыңа сен симай –
Қайда асықтың, неге сонша жан қинай?
Пешенеңе әуел баста жазылған
Соңғы сапар, соңғы жол ма, сан шимай?
Көзсіз батыр, жал-жал ғажап толқынның
Жан шошытар қорқынышты жойқынның –
Жекпе-жегі аяқталды жартаспен,
Бір зар менен, дыбысы екен ол кімнің?
Соңғы демі толқындардың бір дыбыс,
Ұлы дыбыс – теңіз зары, күрсініс.
Жағасында отырамын жалықпай
Атырауым алғанынша бір тыныс.
Бұлт тарқады, дауыл кенет тиылды,
Етек-жеңі толқындардың жиылды.
Моп-момақан, жатыр міне көк теңіз,
Жүрек сезіп тұр ғой сенің сыйыңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аллаға арыз

  • 0
  • 0

Япырмай, не боп барады мына заманың,
Даңғылға шығар жоқ па еді, халқым, амалың.
Пақырдың түрін, жесірдің күнін көргенде,
Малынғандай ма соя емес, жасқа қаламым?

Толық

Жаным таза

  • 0
  • 0

Жаным таза — мақтанышым тірлікте,
Сезім таза — сақтамаймын бір бүкпе.
Жер-Ананы ластамай Ақырға —
Кете алардай бұл өмірді сүрдік пе?

Толық

Бойда екі "Менім" бар

  • 0
  • 0

Бойда екі "Менім" бар ерегескен,
Жан-тәнімді сонша жыл бөле жескен.
Бірі "Өзің", "Сен — жалғыз" десе тантып,
Бірі "Ел" деп, "Отан" деп танады естен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар