Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1458
Жабағы бұлт көк төсін жабады кеп,
Күздің сыйлар сыйы да, азабы көп.
Тұманды күн аңғартпас жан-жағыңды,
Ойлау қиын біреу жөн табады деп.
Шопан жүрер бір жауып басылса деп,
Сосын дейді, жарқырап ашылса көк.
Күз көгіне тойынған тоқтышақтың
Салмағына салмағы қосылса деп.
Дихан жүрер жауса екен дұрыстап бір,
Ылғал деген халыққа ырыс деп, бір.
Оның ойы басқадан бөлегірек,
Ән мен би де, бидай мен күріш деп тұр.
Табиғаттың қақ жарып шаранасын,
Баз біреулер қамдайды қара басын.
Күтіп жатыр, жарады тағы, тағы,
Күн көзінен мына бұлт тарағасын.
Дейді ақсақал, әр күннен күтерім көп,
Бар ғұмырды әр күнің бітеді жеп.
Күн жаманы кетер-ау, ал өмірің
Көбі жаман адаммен өтеді тек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балдырған

  • 0
  • 0

Біз балдырған, балдырған,
Ойынды әбден қандырған.
Енді тентек болман деп
Апайды да нандырған.

Толық

Ана шашы

  • 0
  • 0

Қиындықта қым-қуыт жасымаған,
Ей, адамзат, не деген асыл анаң!
Тірі тарих секілді көрінеді
Асқар таудай ақ қарлы шашы маған.

Толық

Кешірмей бір қатені

  • 0
  • 0

Сен мендік бола алмадың,
Мен сендік бола алмадым.
Секілді көкте жұлдыз,
Жетпеген сол арманым.

Толық

Қарап көріңіз