Өлең, жыр, ақындар

Ән-құдірет

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 792
Тау толқыны тәрізді үн
Бөлектене басқадан,
Аспанында Париждің
Әуеледі асқақ ән.

Өршіл әуен бебеулер,
Өрлеп шырқау шығанға.
Таппай тосын теңеулер,
Жандары жоқ шығарға.

Қалың нөпір көрермен
Жаудырғанда шапалақ,
Таңдай қақты Ромен
«Паһ, шіркін-ай, паһ-палап!»

Асыл жанның зиялы
Ұмыттырып наласын,
Кезіп кеткен қиялы
Байтақ қазақ даласын.

Үзіп алып мақпалдай
Жүректің бір парасын,
Жалғастырып жатқандай
Париж – Семей арасын.

Құшақ жая үр бағы,
Әнге айналып күллі мұң,
Париж ұйып тыңдады
Адамзаттың бұлбұлын.

Сарай іші сілкініс,
Қошаметте шек болмай,
Шапалақ боп сүйсініс
Жалғасуда тоқталмай.

Тыңдарман таң-тамаша,
Тербеткендей Ән-ғарыш.
Пікірлесер таласа,
Жүздерінде таңданыс.

- Саф алтынға телінген
Үнің кетер мың жылға!
Қазақ ұлын тегіннен
Теңемепті бұлбұлға!

Деп қысқа да, нұсқа да
Ой қорытты Роллан.
Тарқатқанда Мұстафа
Әнші жайлы сыр одан.

Өнеріне табынып,
Көрме Халықаралық,
Күміс алқа тағынып,
Танытқан ол даралық.

Даңққа бөлеп Алашты,
Төл парызы өтелген.
Сол мереймен жарасты
Оралған-ды шет елден



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ашамай

  • 0
  • 0

- Таралғысы тым қысқа,
Ерге ұқсас бұл нұсқа –
Ашамайың, мінеки, -
Деп әкеліп берді ұста.

Толық

Тойбастар

  • 0
  • 0

Кішкентайлар тұлымды
Сүйіншілей жүгірді.
Әне­-міне дегенше
Алтыбақан құрылды.

Толық

Парижде

  • 0
  • 0

Аманаты Ахаңның
Көкейінде жаңғыра,
Келіп түсті шаһардың
Келбет-көркі таң қыла.

Толық

Қарап көріңіз