Өлең, жыр, ақындар

Табиғатым

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

Сенсің менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім,
Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын өмірге.

О, адамзат аялашы, қорғашы,
Өзің туып, өзің өскен ортаны.
Келе жатыр талай сәби өмірге,
Ең болмаса соның жайын ойлашы.

Мен қазақпын жылқы мінез қайсарлы,
Жақсы, жаман айыратын байсалды.
Туған жерім, табиғатым деп бүгін,
Асау тайың бар әлемге жар салды.

Ей, ағасы, іні менен бауырлар,
Мен айтатын сөздеріме құлақ сал,
Табиғат пен адам егіз емес пе,
Өкінерсің кетсе егер келмеске.

Бар байлығым қоршап тұрған даламда,
Бау - бақшалы әсем гүлді қаламда.
Қолда барда алтыныңды қадір тұт,
Қолдан шығып кеткенен соң қайғы жұт.

Менің ойым көк аспанды бауларда,
Заңғар - заңғар көк майсалы тауларда.
Өзіңді - өзің ұстап беріп жауларға,
Көр соқырым бір күніңе алданба.



Пікірлер (2)

Модератор

Авторы өзім дегенді басу керек.

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 деген ілмекті қосу керек.
Ілмек қате болса автоматты түрде сайысқа қосылмайды.
Авторы өзім - дегенді де басу керек.
Қаламды басып жөндеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз