Өлең, жыр, ақындар

Сүйме мені

Өзгені сүй, сүйме мендей жанды,
Менен шықпайды қыз ұнамды.
Желмін, арпалысып қайтесің?
Тірлік қылмаймын жағымды.

Білемісің, сүйген едім өзгені мен,
Үмітпен уақытым сонда кеткен.
Гүл де сыйламайтын, өлең де арнамайтын,
Алайда, жанарының отына күйген ем.

Махаббатты кім-қалай ұғынады?
Байқағаным, сезім сенімсіздік құрбаны,
Күндерін артқа тастап айлар өтсе де,
Шыдамды ғана сенімсіздікті ұтады.

Мен жеңілдім, атпай жатып сезім таңы,
Өйткені ақын қыз адалдықты ұнатады.
Сенім болмаса, сезім оты бір-ақ тұтам,
Сондықтан, қыз жүрегі жалғыз қалды.

Өзгені сүй, сүйме мені, күйерсің,
Тұрақсыздық менің досым білерсің.
Сүйіп жарытпаған соң бұл күні,
Ақын болып өлең жаздым не істерсің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар