Өлең, жыр, ақындар

Бәрі жақсы болады күліп жүрсең

Нұр төгілер көздеріңнен күлімдесең,
Қайғы мұңнан ажарың бүлінбесін.
Қиындықта мұңайма, түңілме сен,
Бәрі жақсы болады күліп жүрсең.

Сынар талай алда өмір сынақтары,
Сен сонда да тауыңды құлатпағын.
Қандай жағдай болмасын, бұлт артынан
Әр қашан да күн шығарын ұмытпағын.

Қиындыққа қарсы тұр, құлай берме,
Мақсатына жетер тек шыдай білген.
Сабыр ет, асығыспен шеше көрме
«Қолымнан келмейді» деп олай бірден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз