Өлең, жыр, ақындар

Махамбет бабама

  • asem7
  • 05.01.2020
  • 0
  • 2
  • 1117
Махамбет батыр болған бала жастан,
Сондықтан да ол бізге дара дастан.
Аңсағаны тəуелсіздік болғандықтан,
Жігерін халыққа сап, соғыс ашқан.

Қара қазан сары баланың қамы үшін,
Халыққа жұмсаған ол барлық күшін.
Махамбет сенің ерлігінді,
Ұмытпайды ешқашан да қазақ жұртың.

Басынан ханның сөзін асырмаған,
Байларға шындықты айтып жасырмаған.
Ешкімнің айтқанына бағынбаған,
Тарихта ізі қалған батыр бабам.



Пікірлер (2)

Асемай

Жақсы алайда кейде қуады екен
.

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз