Өлең, жыр, ақындар

Тұсаукесер

  • 21.12.2019
  • 0
  • 0
  • 1732
Қаз, қаз балам десіпті,
Күрмеуіңді шешіпті.
Ала жібін ешкімнің,
Аттама деп кесіпті.

Қаз, қаз басып келер деп,
Қадамына сенер көп.
Тоқ ішекпен кесіпті,
Тоқшылыққа кенел деп.

Қуанышқа бөленбек,
Әр қадамы еленбек.
Көк шөппенен кесіпті,
Көктеп өсіп, көгер деп.

Тұсауыңды кесейік,
Күрмеуіңді шешейік.
Алға қадам баса ғой,
Азамат бол,есейіп.

Кел, қатарға, қосыл да,
Жүгір енді,тосылма.
Қаз,қаз айтып алдыңнан,
Ел қуанып тосуда.

Шаттандырған күніңде,
Қадам басып күлімде,
Жолың ашық болсыншы,
Ешқашанда сүрінбе.

Р S
Дәстүрге бай халқым бар,
Аласармас даңқым бар.
Бабалардан жалғасқан,
Тұсаукесер салтым бар.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркін елдің ұрпағымыз

  • 0
  • 0

Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!

Толық

Өлкем менің

  • 0
  • 0

Бұлт емген шыңы көктен,
Көбелек гүлін өпкен.
Ғажап қой жаздың жұпар,
Жадырап күні жеткен.

Толық

Астана

  • 0
  • 0

Көшім озды басқадан,
Атты елдің бақ таңы.
Арқадағы Астанам –
Алты алаштың мақтаны.

Толық

Қарап көріңіз