Өлең, жыр, ақындар

Тұңғыш құрбан

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 1
  • 7058
Мынау кім жатқан, әлеумет,
Жас қабірді жамылып?
Мұнша ардақты кім еді?
Тұрсыңдар бәрің жабығып?
Жалғызы ма еді бұл елдің,
Құрметтейтін жабылып?
Бек пен бидің бірі ме еді,
Жылардай жұрты сағынып?
Ханзада яки сейіт пе?
Қарашы шулар қамығып?
Жоқ, әлеумет,
Бұл жатқан:
Жалғыз да емес,
Бай да емес,
Би де емес,
Бек те емес,
Сейіт те емес,
Хан де емес.
Бусанып жатқан жас қабір...
Иесін мұның айтайын:
Мақсаты ұлттың жолына
Туын ұстап қолына,
Жас ғұмырын пида еткен,
Жар-жолдасын күйзелткен,
Алаштың адал баласы,
Армансыз өлген данасы,
Жүректен жалғыз оқ тиген.
Жаза баспай дөп тиген,
Алаштың бұл құрбаны -
Аяулы жолдас Қази жас,
Қош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың.
Қабыл болып құрбаның -
Алашты құдай оңдасын...



Пікірлер (1)

Жанайым

Өте аянышты

Пікір қалдырыңыз

Сырым

  • 1
  • 1

Құрып жүрміз алдағы істің планын,
Біле алмаймын не нәтиже шығарын.
Малды байлап, басты тігіп бәйгеге,
Мәсіләктің құлы болмақ құмарым.

Толық

Насихат ғумумия

  • 0
  • 0

Бұл жазған, замандастар, насихатым,
Емесдур риядан, хақ ниетім.
Көңілі ашық, көзі өткір інілерім,
Хәр түрлі мүһим істен файда алатын.

Толық

Ананың сүюі

  • 2
  • 40

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Толық

Қарап көріңіз