Өлең, жыр, ақындар

* * *

  • Nur09
  • 30.11.2019
  • 1
  • 0
  • 453
Бір сезімнің сендірген құшағында,
Махаббатқа мас болып сыр ақтардым.
Тағдырдың талғап берген тұсауына,
Іліндім де,ақыры жылап қалдым.

Мен Тәңірден сұрадым баянды үзім,
Қалғанда сезімдерден жырақтанып.
Жастығыма жайылған заям,сызым,
Барады құраулармен құрақтанып,
Ол дағы құлап-талып.

Түсінбеймін, Сен мені түсінген ең, Көзімнен,сөзімнен де,ісімнен де. Әсте,бірақ,алдыңда кішірмегем,
Санаңда сабыр талса түсінбегем,
Мен ашудың ақымақ ісін көрем,
Сезімі шешілмеген.
Алдымда ғашығымның,
Шарасыз сұсын көрем,
Бақыттан жырақ қалып есілмеген,
Мені де кешірмеген.

Қаламаймын,
Құштарлық,махаббатқа жарамаймын,
Мен бақытты жанмын деп санамаймын. Әлдилеймін десең де өзге жанды,
Бара бергің,
Тірдектетіп мен сені таламаймын.
Жолыңа қарамаймын!
Ескірген сандығымның естелігін,
Көз жасыммен сүйіп-ап жуамын да, Таралаймын, болмаса Бағалаймын!

Айырған тым есімнен кешегі күн,
Төсегіме жайылған төселі мұң.
Бейкүнә жанарымды түсінер кім?
Ақпан қыздың қайғысын кешеді кім?
Мейірімсіз көрінген келбетімнен,
Боран соғып,суық жел еседі тым.
Тұрақ тауып тыныштау жер бетінен,
Менің мына қайғымды шешеді кім?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз