Өлең, жыр, ақындар

Тілім барда өлмеймін де, өшпеймін

Тілім барда өлмеймін де, өшпеймін.

Тілім барда мен Абаймын, Шәкәрім,
Тіршілікке биіктен үн қатамын.
Тілім барда өлмеймін де өшпеймін,
Тіршіліктің бал шырынын татамын.

Тіл өлмесін, өлсе егер тіліміз,
Тілім – тілім жүрегім мен түріміз.
Тіресетін жау табылса білмеймін,
Тіксінемін не болар деп күніміз.

Тілім менің намысымның нарқы еді,
Ол кешегі кейуана, қарт еді.
Тілсіз қалай күн кешемін мына мен.
Тілімді алмай, басымды алсаң ал тегі.

Тілім барда мен сөнбейтін күндеймін,
Тілім барда гүл секілді гүлдеймін.
Тілін білмей, өзге тілде сөйлеген.
Тілсіздерді мен бүгінгі кім деймін?!

Тілім менің ұлттығымның айбыны,
Тіл рухым, тіл тарихым байлығым.
Ана тілім ғашықтарды сөйлеткен,
Жырлатты ғой Мәжүн менен Ләйліні.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз