Өлең, жыр, ақындар

Елбасымыз

Қарапайым болып туды бұл бала,
Отбасымен өмірлері нұрлана.
Әжесінің тәрбиесін сіңірген,
Нұр талапты Сұлтан деген бір бала.

Жастайынан тәрбиені сіңірді,
Білім деген ұлы затқа үңілді.
Талабына нұр жаусын деп ақсақал,
Бар тілегі батаменен төгілді.

Сол батамен нұрлы жолы ашылды,
Өз істерін жүзеге де асырды.
Тек бір үйдің ұлы болмай сол кезде,
Бар халықтың ұлы болды асылы.

Сол бір күні Нұрсұлтан жігіт атанды,
Адал нанын тауып жеуге қариядан бата алды.
Қызметпен Теміртауға барды да,
Өз ісінің қас шебері атанды.

Іскерлігі жетеледі алға оны,
Саясатқа бастады арман жолы.
Елімді көтерсем деп биіктерге,
Мақсат қойды ол алдына мағыналы.

Мақсатына жетті ол армандаған,
Бақыт құсын қондырды ел аңсаған.
Бейбітшілік өмірге қадам бастық,
Батырменен ел үшін аянбаған.

Бар халықтың тілеуімен жолы ашылды,
Патша қылып сайлады бұл асылды.
Халыққа жақын болды бұл патшамыз,
Дара тұлға атанды бұл ғасырды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз