Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан оқиғасы

Жала жауып жазықсыз,
Ұлтшыл деп үміт ақтамас .
Қазаққа күйе жаққан күн,
Халықтар бізге бақталас.

Күш көрсетіп жастарға,
Үмітті солай өшірмек.
Қайрат, Ләззат, Ерболдар,
Бұл істі қалай кешірмек.

Халқы үшін олар құрбан боп,
Қыршыннан кетті келмеске.
Ұмытпаймыз батырды,
Боздақтарды алып біз еске.

Осылай келген еркіндік,
Тәуелсіздікті сыйлаған.
Батырларына қазақтың,
Жүрегімммен мен жыр жазам.




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар