Өлең, жыр, ақындар

Жаңа тілек

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 1
  • 13217
Жаңа жылда жаңа тілек тілелік,
Ескі жылды есмере де жүрелік.
Кеп жүрмесін қайта айналып түнеріп,
Көзің жасты, көңілің қаяу, алашым!
Жұрт болудың ойланалық амалын,
Қамсыз жатар емес енді заманың.
Надандықтың қираталық қамалын,
Мақсатыңа ұмтыл таяу, алашым!
Жау мен жұттан енді құдай сақтасын,
Қасекеңді қас масқара таптасын.
Кәрі-жасын енді ғафіл жатпасың,
Аш көзіңді, болма баяу, алашым!
Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң,
Ел боламын, тең боламын дер болсаң.
Көктен теңдік келмес өзің кем болсаң,
Мең-зең болмай, талпын, оян, алашым!
Ұшқан құстай, суда жүзген балықтай,
Табиғатты қолданушы халықтай.
Сен де енді сергісейші жалықпай,
Жүргеңіңше мәңгі жаяу, алашым!
Бүгін халықтың қуанышы кең күні,
Күн менен түн - таразының тең күні.
«Құт-береке болмаса екен кем күні»,
Деп тілелік, қолын жай-ау, алашым!



Пікірлер (1)

Бахыткүл Сағымбаева

Өте күшті,әсерлі болды,енді менім балам қуанатын болды

Пікір қалдырыңыз

Шатлық

  • 1
  • 0

Хайырлы сағат. Алашқа бірдей шатлыққа,
Сабыр етіп, сарғайып жеттік ақтыққа.
Сілік үстіңнен шаады, қазақ баласы,
Жетер енді, оянбай біраз жаттық та.

Толық

Қиял

  • 1
  • 1

Бір жерде көп отырсаң жалғыз өзің,
Көрмесе көңіл ашар жанды көзің.
Кейде ащы, кейде тәтті қиял билеп.
Кететін бар емес пе бір мінезің?

Толық

Сағыну

  • 1
  • 0

Айт шыныңды, көңілім, қайда барасың?
Қаңғырудан қандай пайда табасың?
Тоқталатын келген жоқ па мезгілің?
Дамыл таппай күні-түні шабасың.

Толық

Қарап көріңіз