Өлең, жыр, ақындар

Ескі фото сурет

Оймақ ауыз, тілі —жалын, сөзі майда,
Сұңғыла тал бойына мін тарай ма?
Жіңішке қиғаш қасы қиылып тұр,
Қырмызыдай көрінер кең сарайда.

Қара торы, келісті, жазық маңдай,
Телегей теңіз сынды көзі қандай!
Өр мінез, өршіл рухпен көмкерілген
Тектінің сынығысың, Анашым-ай.

Хас сұлу, қарашашы толқындайын,
Тізбектеп сұлулығын мен айтайын.
Жұмырдай иегі бар, қою кірпік
Сықылды маржан сөзбен тамамдайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз