Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз

Алтын күз.
Ақ жауын жауып тынбайды,
Сылбырап біраз жылайды.
Күз жылауық деседі,
Бұлт пердені торлайды.

Түсі суық бұйра бұлт,
Дымқыл тартты ауаны.
«Көктемде қайта жетем» деп,
Құстар қайтып барады.

«Алтын күз» десек жарасар,
Астығын төккен еліме.
Жер ана берген ырыс бар,
Күз байлығым несібе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз