Өлең, жыр, ақындар

Бетперде

Бетперде
Кезіктім жанмен нан піскен кеуделеріне,
Танауы көкте, менсінбей кеуде керуде
Кеудесін қайтем бетінде менің жанарым,
Болмысы жатыр сұрықсыз бетперделерінде

Айтқым кеп оған тіл қышып тұр-ау мазасыз:
Бетпердеңізбен қай жерден орын табасыз?!
Әй, бірақ, қайдам, маскасыз қалған ғұмырда
Қай жерден сая, жайсаңды пана табасыз?!

Шатастырып ап бетпердеменен бетбейнеңізді,
Таппай қалмайық тасада қалқан пердеден сізді.
Маскасыз жүрген жолдастан үлгі алсаңыз екен ,
Ақылым және айтарым бар тыңдаңыз бізді...

Маскаңды шешпе, мазаққа сірә, қаларсың,
Маскасыз жүрсең мазалы адам боларсың.
Күндегі көрік, маскалы түр мен сипатың
Сөгіліп кетіп масқара болып қалмасын.

Мендегі бейне сендегіден де зор болса,
Маскаңа ғана мұң-зарды достым шағарсың.
Іздеме бірақ кінәнің түбін қазбалап,
Себебін оның маскадан ғана табарсың.

Әуес боп бейнең жүрсе де түрлі маскаға,
Ұсына көрме туысқа, досқа, басқаға.
Бет-бейнең ғана маскамен жолдас болсыншы.
Жүректің кілтін ұстата көрме маскаға.

Бетперде киіп одан сен опа таппассың,
Бетпердемен сен ұзаққа самғап шаппассың.
Сұрықсыздығыңды зынданға тастап жапқанмен,
Жасыра алмайсың, өшіре алмайсың ешқашан!
Пешенеңдегі Алланың амал тақтасын...
©Асан Торғанбеков



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз