Өлең, жыр, ақындар

Анаға!

  • 12.10.2019
  • 0
  • 0
  • 1242
(Бибіғайша 60 жасына)

Әлі есімде, балауса қыз алаулаған шақтарың,
Қол ұстасып, қарсы алушы ек
Сарыарқаның ақ таңын.
Қиялменен армандаушы-ек, көрсек деп,
Алматының сырға толы, алма толы бақтарын.

Ақ жол тілеп, аттандырған Жетісуға анашым,
Айтып еді, «Бақытыңды еңбегіңнен табасың!
Үлкендерге ізет қылып, адал өсіп ер жетсең,
Тағдыр саған, өзі берер, әділдіктің бағасын!»

Жастық шақта, бәрі қызық. Қиындықты білмедік,
Татулықты, сыйластық пен махаббаттан іздедік.
«Жер жапада» тұрсақ-тағы, бақытты боп өмірде,
Зәулім үйін, көршіміздің көзімізге ілмедік.

Құндыз бөрік, қымбат тонды үстімізге кимедік,
Ала жіпті аттамадық, жамандыққа жүрмедік.
Ұйқы шала, түндерді де алып тастап көңілден,
Демеу болып, бауырларға, үзілгенін күрмедік.

Алпысқа да келдік бірге, қол ұстасып өзіңмен,
Армандаған мақсатымыз, орындалды төзіммен.
Алма бақ пен кең сарайда, немерелер бақытты,
Келіндерің үлгі алады, айтқан асыл сөзіңнен.

Қиындықта бірге болдың, желдің ызғар өтінде,
Ұл да сүйдік, қыз ұзаттық, немерелер өсуде.
Ана-жүрек мейіріммен, қарадың сен туысқа,
Тілейтінім, шуақ берші 100-ге дейін осы үйге.

Жүректен шыққан сөзді, бүгін осы тойда түйейін,
Жас ұрпаққа, жолымызды болашаққа тілейін.
Алпысыңды беу, Бибіғайша, құшақтап,
Тәңірімнен 100 жас сұрап, маңдайыңнан сүйейін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурызда

  • 0
  • 0

Ауылыма көшет тұрғыздым,
Ық болсын деп боранда.
Қасында тұрса жұлдызың
Айда уайым болар ма?

Толық

Атамекен – Тәңіртау

  • 0
  • 0

Тәңіртау – Мұқағали мекеніне,
Баурайлы Қарасаздың етегіне,
Жетер ем жер түбінен бір көруге,
Ілесіп, сағыныштың жетегіне.

Толық

Сағыныш!

  • 0
  • 0

Асау тайдай жүруші ем мен жасымда,
Аңғалым-ай, деуші еді анашым да.
Тал шыбықты ат қылып мініп алып,
Жарысушы ек, ауылда дос қасымда.

Толық

Қарап көріңіз