Өлең, жыр, ақындар

Анама хат

  • 23.03.2015
  • 2
  • 12
  • 194543
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!
Көп айтпай, қысқасынан сездіретін -
Балаңның мінезі бар сөзге сараң:
Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп»,
Қайғы жеп, менің үшін болма алаң!
Отырмын абақтының бөлмесінде,
Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.
Есіктің құлпы мықты, күзетші кеп,
Ажалдан басқа ешкім келмесіне.
Қоршаулы айналасы, биік қорған,
Берік қып салған темір терезесіне.
Қалайша мұны көріп көңіл сенбес
Аттанып жау келсе де бермесіне.
Каламда Лаухул-Махфуз ұмытқан ба,
Жазбапты бұл орынды көрмесіме.
Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман,
Ылаж жоқ жел айдаса ермесіне.
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным, тәнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне!



Пікірлер (12)

Меруерт

оте тамаша.казак осыларды жаттау керек.

Марат

Адамды жылатарлық күйге келтіретін өлең екен

Өте тамаша ????

Күшті өте зор

Акмарал

Недеген тамаша осындаи Агаларымызздын барына куанам .

Ақбаян

Керемет өлең екен,жарысқа айтайын деп жатырмын!!!

Мен де осы өлеңді жаттап,жарысқа қатысайын деп оты

ок

Наурыз

Жәннаттық болсын әмин

Ақтоты

Керемет маған осы өлең ұнайды

Анар

Жаны жанатта болсын

Selfi_05

Өте тамаша өлең

Құнанбай Тоғжан

өте керемет

Акерке

Алыбаев

Пікір қалдырыңыз

И. Б. жездем хатынан

  • 0
  • 2

Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Күйзеліпсің көбірек,
Милләт үшін бегірек.

Толық

Екі бөшке

  • 1
  • 5

Көшеде екі Бөшке келе жатты,
Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты.
Ішінде заты бары жай аяңдап,
Салдырлап келе жатыр босы қатты.

Толық

Емен мен қамыс

  • 1
  • 4

Бір көлдің Емен айтты Қамысына,
Сыбайлас көптен бергі танысына:
«Жаратқан мені Құдай сонша артық,
Мықты деп, жер жарылад дабысыма.

Толық

Қарап көріңіз