Өлең, жыр, ақындар

Үлес

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 3
  • 59300
Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып.
«Үй жанып барады!» - деп хабар берді
Жүгіріп келіп біреу түсі қашып.
«Жүріңдер, - біреуі айтты, - барайық, - деп,
Есепке қайтып келіп салайық», - деп.
Айтады екіншісі: «Мың сомым кем,
Тоқтаңдар, соны әуел санайық», - деп.
«Кем, - деді, - екі мыңым, - және бірі, -
Қараңдар, ап-анық тұр кемі, міне!»
«Қой, - десті өзгелері, - бұл өтірік,
Болмаса керек қате ондай ірі».
Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп,
Әйтеуір зор жанжалдың кірді түрі.
Бірталай ерегіспен мезгіл өтті,
Ұмытты, жанжалдасып, бәрі де өртті.
Есептің бітуіне от қарар ма?
О дағы түтіндетіп келіп жетті.
Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған -
Бәрі де мал-мүлкімен күйіп кетті.
Ойласақ, уақиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын?
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдысқан бірін бірі жаудан жаман,
Байқасам, ел белгісі - оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
Таласып, бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау-шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан.



Пікірлер (3)

Айдын

Рахмет

Акмерей

Рахмет

Әнел

маған негізгі ойын түсіңдіріп беріңізші

Пікір қалдырыңыз

Қаздар

  • 1
  • 3

Бір ұзын алып қолға мықты шыбық,
Қаздарын қалаға айдап шықты мұжық.
Қуалап байғұстарды келеді ұрып,
Асығып базар күнге жаны шығып.

Толық

Алтын әтеш

  • 1
  • 3

Беріде емес, әріде?
Пәлен жұрттың жерінде
Болған жақсы хан Дадан.
Талай көріп қауіпті,

Толық

Екі бөшке

  • 1
  • 5

Көшеде екі Бөшке келе жатты,
Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты.
Ішінде заты бары жай аяңдап,
Салдырлап келе жатыр босы қатты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар