Өлең, жыр, ақындар

Амамның күні адаммен

Бес күндік мынау жалғанда,
Басыңа сынақ салғанда.
Сүрінбей өткен бір мақұл,
Жүректе иман болғанда.
Болсаң да биік таулардан,
Ассаңда үстем байлардан.
Арылу керек адамзат,
Дүниеқорлық ойлардан.
Болсаң да жалғыз сен биік,
Жүрсең де күнде тон киіп.
Жүргенің жақсы ей пенде,
Әр заманда басты иіп.
Болсаң да жалғыз бәйтерек,
Саған да бір күн су керек.
Кезінде тиген пайдасы,
Осыған суды құй дерек.
Болса да жалғыз тоны бар,
Көкке жетер қолы бар.
Сауап ісі болмаса,
Күн келіп ол да тарығар.
Болса да тәжің басыңда,
Артықпын деп шашылма.
Биік санап өзіңді,
Жұртты өзіңнен қашырма.
Болса да өнер тек сенде,
Табылар басқа көштен де.
Емен де бір күн жығылар,
Дөптеп кеп дауыл ескенде.
Болсаң да бүгін қылыштай,
Қақ жаратын қылды да.
Басқаратын бір құдай,
Байменен жарлы құлды да.
Санассаң да заманмен,
Сырласа біл шамаңмен.
Себебі сынақ әр түрлі,
Адамның күні адаммен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айт батасы

  • 0
  • 2

Айтың келген құт болсын,
Басыңа бақыт құс қонсын.
Бойдақтарың жұп болсын,
Өсіп-өніп жұрт болсын.

Толық

Қарап көріңіз