Эссе және өлең-жыр байқауы

"Адамдық-парызың"

Дүние,сірә,өтеді де кетеді,
Тіршілікте жалған өмір кешеді.
Уақытында ғибадатты қылмайды,
Бейнамаз боп,бұл өмірден өтеді.
Алла бір деп тілімізбен үн қатып,
Ақылсынып сөз айтамыз жырлатып,
Ал өзіміз сол ақылға лайықпыз ба,жоқпыз ба,
Дегендерді ойлаймыз біз тым артық.
Бес мезгіл намазың қаза болып,
Өмір ,шіркін есепсіз өтіп жатыр.
Ұстаған оразаңыз қабыл болсын.
Аузы берік,ойлағаны тамақ болып.
Сырт келбет алдамшы ғой,шындығында,
Адам жанын ұға алмас ешбір жан да.
Жылы сөз сөйлеп,тиын-тебен берген жанға
Астына тақ қойдырып берер мұнда.
Адамның ішінде болар аласы,
Сыртқы келбет,әлбетте ол алдамшы
Өзгерер зұлым жанда жақсы жанға,
Егерде жақсы болса айналасы.
Адамдар бар ақыретке сенбейтін,
Бос сөз деп айтқаныңа көнбейтін.
Алла бар деп айтқанымен алайда,
Парыздың да өтелуін білмейтін.
Адамдар бар ақыретке сенетін,
Қияметтің болатынын дөп дейтін.
Намаз оқып,оразасын ұстайды,
Парызыңның бәрін бірдей өтейтін.
Ал бірақ та,ата-ананың қадірі,
Өтелмейді намаз,руза,зікірмен,
Шындығында кейбір жандар бар дейді.
Ата-ананы бейнамаз деп жазғырып,
Кәпір санап,масқаралап жататын.
Шын мәнінде жұмағыңның кіліті-
Бейнамаз боп,өтелмейтін парызы
Жүрген жанның табанының астында.
Кеш түсініп,ах ұрамыз әлбетте.
Жол сілтейтін жан жоқтай кетті мүлде.
Алланың мейірімінің шексіздігі
Тең келмес,дүниеде ешбір пенде.
Тәубе деген ұғым бар мұсылманда,
Білмегендер біліп жүргің,болсын ойда.
Тәубесіне келген пендені,
Рақымына бөлер,жалғыз Алла.
Кәлимаға тілімізді келтіріп,
Құранды алып үйренейік кел,тұрып.
Бес мезгіл намазыңды қаза қылмай,
Өтейік оразаны құлшынып.
Бұл сөзіме қатты айттың демегің
Шабыт қой,ақынға да сол керегі.
Аузыма Алла өзі салғаннан соң,
Қағаз тұр,қалам қолда тұр еді...

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...