Эссе және өлең-жыр байқауы

Күз

Күз,
Жаңбырлы күн,
Қыркүйек.
Жаурап тоңып аласұрып тұрып ек.
Сен келгелі жаным менің күлімдеп.
Ұнатқаны жүрек құрғыр дірілдеп.
Танысқалы,дос болғалы екеуміз,
Неше көктем,неше жазбен неше күз.
Бұл күндері маған алыс қалада,
Жүрсің жаным,бөлек ғұмыр кешеміз.
Армандадық қиялдадық бала шақ,
Өтіп кетті қайран уақыт аласа.
Сағынамын сол күндерді екеуміз,
Сейіл құрған,қыдырғанбыз қарасақ.
Бал балалық қайран күндер арайлы,
Бала күннен қанша шуақ тарайды.
Кадр болып көз алдымнан тізіліп,
Балғын күнім кино болып қарайды.
Аспандағы жұлдыздарды санаушы ек,
Қол ұстасып айға ұзақ қараушы ек.
Салқын тартқан күздің суық кешінде,
Бар бақытты өзімізге балаушы ек.
Сен қайдасың бұл күндері алтыным?
Жабырқама жыламашы жарқыным.
Білем,білем ұмытпайсың меніде,
Менде сені ұмытпаймын ау күнім.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...