Өлең, жыр, ақындар

Аңқау арыстан, қу түлкі

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1760
Арыстандар бар аңға
Патша болған заманда
Бұғы мүйіз адамға
Шақша болған заманда.
Арыстанға қартайған
Бір қу Түлкі келіпті.
Патшамыз деп марқайған,
Сылдыр сәлем беріпті:
– Ей, Арыстан, Арыстан,
Қиын екен халіңіз.
Келіп түрмын алыстан,
Айтқан сөзге наныңыз.
Жата бермей үңгірде,
Кең далаға шығыңыз.
Жүрсе ғана бұл күнде
Жөргем барын біліңіз.
Арғы жағы асқардың
Көрмегенге көмескі.
Арасында тастардың
Жайылып жүр көп ешкі.
Айтты Арыстан:
– Бастағын,
Сендей досқа ілестім.
Көптен бері аш қарын,
Талшығымды түгестім.
Жолға, бірақ, серік қып,
Кімдерді ерткен жөн болар?
Түлкі айтты берік қып:
– Жолымыз шын оң болар.
Жүректіден іріктеп,
Жолбарысты алайық.
Білектіден берік деп,
Аюға да барайық.
Қарулыдан таңдап бір,
Қасқырды да алайық.
Қорқақтардан аңдап бір,
Қоянға да қарайық...
Осылайша алтауы
Аттаныпты сапарға.
Арыстан ғой аңқауы,
Қу Түлкісі қатарда.
Шаршап барып барлығы,
Бір жерге кеп жатады.
– Не жейміз, – деп, – ал бүгін?
Арыстан тіл қатады.
Жылмаң қағып, жақын кеп,
Былай дейді Түлкіңіз:
– Не айтсаңыз да мақұл деп,
Құптайды ғой жүртыңыз.
Арыстан ғой атамыз,
Атамызға кім тисін?
Аю болса – апамыз,
Апамызға кім тисін?
Жолбарыс қой жалаң би,
Жалаң биге кім тисін?
Қасқыр болса – қабан би,
Қабан биге кім тисін?
Түлкі деген түмен би,
Ішкі есебі түгел би.
Қоян деген – қойымыз,
Қойымызды сойыңыз.
Деген кезде патша екең,
Қоянды алып сойыпты.
Еті тіпті тәтті екен,
Бір өзі жеп қойыпты.
Одан әрі бесеуі
Аттаныпты сапарға.
Патша көнлі өседі,
Қу Түлкісі қатарда.
Шаршап барып барлығы
Бір жерге кеп жатады.
– Не жейміз, – деп, – ал бүгін?
Арыстан тіл қатады.
Жылмаң қағып, жақын кеп,
Былай дейді Түлкіңіз:
– Не айтсаңыз да мақұл деп,
Құптайды ғой жұртыңыз
Деген кезде патша екең
Қоянды алып сойыпты.
Еті тіпті тәтті екен,
Бір өзі жеп қойыпты.
Одан әрі бесеуі
Аттаныпты сапарға.
Патша көңілі өседі,
Қу Түлкісі қатарда.
Шаршап барып барлығы
Бір жерге кеп жатады.
– Не жейміз, – деп, – ал бүгін?
Арыстан тіл қатады.
Жылмаң қағып, жақын кеп,
Былай дейді Түлкіңіз:
– Не айтсаңыз да мақұл деп,
Құптайды ғой жұртыңыз.
Арыстан ғой – атамыз,
Атамызға кім тисін?
Аю болса – апамыз,
Апамызға кім тисін?
Жолбарыс қой – жалаң би,
Оған тисек, жаман күй.
Қасқыр – нағыз қасымыз,
Бүгін жейтін асымыз!
Деген кезде патша екең,
Қасқырды алып сойыпты.
Етті тіпті тәтті екен,
Жабыла жеп қойыпты.
Одан әрі төртеуі
Аттаныпты сапарға.
Патша сеніп ертеді –
Қу Түлкісі қатарда.
Шаршап барып барлығы
Бір жерге кеп жатады.
– Не жейміз, – деп, – ал, бүгін?
– Арыстан тіл қатады.
Жылмаң қағып, жақын кеп,
Былай дейді Түлкіңіз:
– Не айтсаңыз да мақұл деп,
Құптайды ғой жұртыңыз
Арыстан ғой – атамыз,
Атамызға кім тисін?
Жолбарыс қой – ағамыз,
Ағамызға кім тисін?
Түлкі болса – түмен би,
Ішкі есебі түгел би.
Аю біздің қоңыр ғой,
Бүгін, тақсыр, соны сой.
Деген кезде Арыстан
Аюды алып сойыпты.
Еті тіпті тәтті екен,
Үшеулеп жеп қойыпты.
Одан әрі үшеуі
Аттаныпты сапарға.
Патша азапқа түседі,
Қу Түлкісі қатарда.
Шаршап барып барлығы
Бір жерге кеп жатады.
– Не жейміз, – деп, – ал, бүгін,
Арыстан тіл қатады.
Жылмаң қағып, жақын кеп,
Былай дейді Түлкіңіз:
– Не айтсаңыз да мақұл деп,
Құптайды ғой жұртыңыз.
Арыстан ғой – атамыз,
Атамызға кім тисін?
Түлкі – сіздің балаңыз,
Балаңызға кім тисін?
Патшасыз ғой өзіңіз,
Жерде қалмас сөзіңіз.
Ал, Жолбарыс – жол азық,
Бүгін жейтін мол азық.
Деген кезде патша екең
Жолбарысты сойыпты.
Еті тіпті тәтті екен,
Екеуі жеп тойыпты.
Одан әрі екеуі
Аттаныпты сапарға.
Нені қорек етеді?
Қу Түлкісі қатарда.
Түлкі айтыпты:
– Патшамыз,
Өзіңіз ғой – атамыз.
Мына таудан ассаңыз,
Ен байлыққа батамыз.
Арыстанды ап жетекке,
Шың басына шығыпты.
Өзі түсіп етекке,
Тамашалап тұрыпты.
– Секір, патшам,
Өтінем,
Ен байлыққа батасың.
Ешкілерді шетінен
Кезек қылғып жатасың.
Деген кезде Арыстан
Кеткен екен атылып.
Қара жерге қабысқан,
Ақырғы рет ақырып.
Аңқау солай алданып,
Дүниеден өтіпті.
Түлкі оны малданып,
Көп күн қорек етіпті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір асу бар арада

  • 0
  • 0

Арамызда бір күдік – сенбестік бар,
Арамызда бір үміт – сөнбестік бар.
Екі оттың оранған ортасында –
Арамызда, әйтеуір, дербестік бар.

Толық

Айналайын ағалар

  • 0
  • 0

Ерке киік асқар тауды паналар,
Ерке тоты қалауынша таранар.
Паналаймын, еркелеймін мен солай,
Өздеріңе сенгендіктен, ағалар.

Толық

Жел

  • 0
  • 0

Жүйткіді қатты жел деген
Елсіз де
Өңсіз жерменен.
Ышқынып,

Толық

Қарап көріңіз