Өлең, жыр, ақындар

Әр қырынан

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 820
Алпыстағы ақын
Алаңсыз шығып алып пенсияға,
Батырды қауырсынды мол сияға.
Жаза алмай жүруші еді атын да оңдап,
Енді ол алпысында ақын болмақ.

Тапжылмас талант
Айлап жинап, жыл жинап,
Бастырды да бір жинақ,
Талантпын деп, қырық жыл
Төсін тынбай ұрып жүр.

Арсыз ақын
Кітабының көбейткенмен көлемін,
Ешкім жатқа білмейді бір өлеңін.
Сөйте тұра атышулы Абайды
Өзінен тым төмен ақын санайды.

Өресіз өлең
Қаланғандай үй тасы,
Жып-жылмағай ұйқасы.
Жоқ, бірақ та, құйқасы,
Жанға дауа, шипасы.

Қайта құру
Оңай өнер санағанмен өлеңді,
Талай жылы босқа өтті, көнерді.
Прозаик боламын деп ол енді,
Романды бастап кетті көлемді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жымқырбаев жолда тұр

  • 0
  • 0

Жымқырбаев жолда тұр,
Ала таяқ қолда тұр.
Шоферларды шетінен
Тоқтатады ол батыр:

Толық

Үкі мен есек

  • 0
  • 0

Соқыр Есек ну орманда адасты
(Ұзақ жолға бет алған-ау ол әсті).
Түнде ұрынып ну жынысқа есалаң,
Қозғала алмай тұрып қалды, не шара?

Толық

Ауыл тақырыбы

  • 0
  • 0

«Көкқасқалар» құлайды шұбап төрден,
Аяңдайды қырманда Мұратберген.
«Туған ауыл» дейтұғын тақырыпта
Шығармадан «екі» алып, құлап келген.

Толық

Қарап көріңіз