Өлең, жыр, ақындар

Масалар

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 692
О, жасаған, жасаған,
Қорлық көрдік масадан.
«Сойқан соғыс» бастайды,
Шыға келіп тасадан.
Біреу ойға батады,
Біреу балқып жатады.
Тап сол кезде маздайды
Масалардың шатағы.
Жаралайды тәніңді,
Мазалайды жаныңды.
Кіп-кішкентай болып-ақ,
Сорады кеп қаныңды.
Қас қылғанда сорыңа,
Ілінбейді қолыңа.
Шыбындаған жылқыдай,
Шыжбыңдайсың қорына.
Ұйқыңды да бұзады,
Сиқыңды да бұзады.
Онға бөліп ойыңды,
Тәнің от боп қызады.
О, жасаған, жасаған,
Қорлық көріп масадан,
Теңселесің түн бойы,
Секілді бір мас адам.
Бойыңда бар әл біткен,
Миыңды да мәңгірткен.
Жаман екен қорлану
Кіп-кішкентай жәндіктен.
* * *
Қаламыздың әкімі
Болса-дағы қақылы,
Масаларды жоюға
Жетпей-ақ жүр ақылы.
Болса болды басы аман,
Шықпайды әкім тасадан.
Ойламайды түрлі індет
Тарайды деп масадан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көйлек хикаясы

  • 0
  • 0

Арман таңнан заулайды,
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.

Толық

Қалтабай

  • 0
  • 0

Бізде екі бала бар,
Бір-біріне барабар.
Бірінің аты – Балтабай,
Бірінің аты – Қалтабай.

Толық

Алтын теңге

  • 0
  • 0

Білімділік керек пе?
Сөз жоқ, білім пайдалы.
Бірақ, біздер қайдағы
Бай адамды елеп көп,

Толық

Қарап көріңіз