Өлең, жыр, ақындар

Темір күйеу

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 727
Төсекте керіліп жатып,
Тұруға ерініп жатып,
Ерінен ұялмады,
Келіншек қиялдады:
«Күйеуім болса темірден,
Мақсатыма жетер ем.
Мына байтақ өмірден
Армансыз-ақ өтер ем.
Өзі ішіп-жемейді,
«Маған болсын» демейді.
Әурелемей анасын,
Өзі оятып баласын,
Барар еді бақшаға.
Айлығын да мол алып,
Үйге ерте оралып,
Бөгер еді ақшаға.
Өзі жуып кірді де,
Төгер еді күлді де.
Тамақты да пісіріп.
Аузым толып алтынға,
Күлкім толып жарқылға,
Отырар ем ісініп.
Атқарса да қанша іс,
Темір күйеу тозбайды.
Сол кезде ғой, нансаңыз,
Менен ешкім озбайды».
* * *
Естіп қалып мұнысын,
Күйеуі айтты дүрысын:
«Темір күйеу құрысын!
Адам болып жай ғана,
Сені сүйем қайда да,
Тындырамын болса да қай жұмысың».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қылықты қыз

  • 0
  • 0

Жалт-жұлт етіп жүрісің-ай,
Күншуақтай күлісің-ай.
Сылдыраған бөктердегі
Ерке бұлақ үнісің-ай.

Толық

Демалыс сағатында

  • 0
  • 0

Демалыс сағатында –
Еркіндеп қаласың да.
Боласың ойнап-күліп,
Қанатты қағатын да.

Толық

Сәл көрмесем өзіңді

  • 0
  • 0

Сәл көрмесем өзіңді,
Көңілді бұлт торлайды.
Тұншықтырып сезімді,
Бір ауырлық орнайды.

Толық

Қарап көріңіз