Өлең, жыр, ақындар

Шыннан өзге Құдай жоқ...

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 1
  • 41458
Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай – Шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кiм Құдай?

Бұрын шын бар, бүгiн шын,
Ертең шын бар – үш бөлек.
Керегi жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.

Шын махаббат қылуға,
Шын сабырың жете ме.
Көрiнген әрбiр сұлуға
Көңiлiң толқып кете ме?

Олай болса, таза ақыл,
Әулиелiк сенде жоқ.
Баянсызға бәрi – құл,
Жынданбаған пенде жоқ.

Әулиедей асықтың,
Қасиетiн былғайсың.
Қылығын қылып жастықтың,
Бiр қалыпта тұрмайсың.

Әлде сайтан, әлде жын,
Бiрiн тастап, бiрiн мiн.
Адам емес – айуансың,
Неге тұрсын сенде шын?



Пікірлер (1)

Бейсек

Шәкәрім Құдайбердіұлының Шыннан өзге Құдай жоқ... өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Қай жолдассың, айтшы, сен?

  • 1
  • 1

Қай жолдассың, айтшы, сен?
Адамды аңша атасың.
Өз анаңның сүтiнен
Қанды адал деп татасың.

Толық

«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға

  • 1
  • 2

Дұғай да дұғай сәлем айт,
«Айқап» пенен «Қазаққа».
Кекеу, сөгіс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа.

Толық

Өлтірдің, онан таптың қандай пайда...

  • 1
  • 1


Өлтiрдiң, онан таптың қандай пайда,
Өмiр сүрiп жүрушi ем жазда сайда.
Жетiмдiк қандайлығын көзiң көрдi,
Кешегi тiрi жүрген әкең қайда?!

Толық

Қарап көріңіз