Өлең, жыр, ақындар

Маскүнемнің мойындауы

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 778
Осы мен кім боп барам?
Араққа құл боп барам.
Ішкілік ішкен сайын,
Азғындап, жүн боп барам.
Берсе кім қарыз маған,
Ол нағыз жаны ізгі адам.
Күн шықпай ала таңнан
Бас жазу – парыз маған.
Салқындап сана мынау,
Жұмысқа барамын-ау.
Мардымды түк бітірмей,
Қайтамын, қарағым-ау.
Жұмыстан шыға сала,
Күтеді сырахана.
Іздеймін күштірегін,
Азырақ «қуат ала».
Достар көп мұндай кезде –
Өзімдей ыңғай кезбе.
Табамыз жартылықты,
Жорғалап құрдай лезде.
Жын ұрып қағынамыз,
Сүрініп-қабынамыз.
Кей күні айықтыру
Үйінен табыламыз.
Жұрт күлер күйімізге,
Ондай сәт жиі бізде.
Қалай кеп құлағанды
Білмейміз үйімізге.
Тіріліп таң алдында,
Тіреліп жан алқымға,
Ойлаймын бас жазуды,
Оранып жанар мұңға.
Өзімнен әл кетеді,
Жүзімнен әр кетеді.
Жүз грамм сіміргенде,
Жанарым жарқ етеді.
Түріммен, қалқаш, мынау,
Шынымен алкашпын-ау.
Осылай кете берсем,
Алысқа бармаспын-ау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жай тышқан мен көртышқан

  • 0
  • 0

«Көршім, тыңда, жақсы хабар бүгінгі, –
Көртышқанға заулап Тышқан келді бір, –
Дейді, Мысық Арыстанға ілінді,
Демалатын болдық еркін енді бір».

Толық

Ораз бен қораз

  • 0
  • 0

Баршагүлдің байы – Оразы болды,
Қорасында Қоразы болды.
Оразының көңілі кең еді,
Жұмысына барады, келеді.

Толық

Мен кіммін?

  • 0
  • 0

Мен ерке лақ едім,
Анадан бір-ақ едім.
Еркетай мінезіммен
Бөбекке ұнап едім.

Толық

Қарап көріңіз