Өлең, жыр, ақындар

Он шыбын

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 801
Ойнақтаған он шыбын,
Қарсы алдыма қон, шыбын.
Қағып алсын табанда
Сайтаныңды торсылым.
Тыңдамаған тілімді
Қағып едім біріңді.
Қанатынан қайырлып,
Торсылыма ілінді.
Тоғызы да оңай ма?
Гуілдеді маңайда.
Торсылыма ілінді
Тағы бірі, алайда.
Қалды енді сегізі,
Ол да аз емес негізі.
Торсылыма ілінді
Тағы да бір семізі.
Күнім әлі мәз емес,
Жетеуі да аз емес.
Тағы бірін жайраттым,
Бәз-баяғы бас егес.
Гуілдейді алтауы,
Болсайшы бір жалқауы.
Торсылыма ілінді,
Ақыры бір аңқауы.
Бесеуі де – баршылық
Көрсетіп жүр қарсылық.
Өлді бірі тағы да,
Торсылыма жаншылып.
Төртеуі де тынбайды,
Тіпті, қорқып-қыңбайды.
Тағы бірін жайраттым,
Сәті түсіп ыңғайлы.
Үшеуі де гулейді,
Сескенуді білмейді.
Тағы бірін жайраттым,
Мені осы кім дейді?
Қалып еді қос шыбын,
Ызың қағып, қосты үнін.
173Торсылыма ілініп,
Болды бірі бос шығын.
Ал, соңғысы, соңғысы,
Емес, сірә, сорлысы.
Әзер-әзер өлтірдім,
Осы болды оңдысы.
Торулап он шыбынды,
Жаза алмадым жырымды.
Бәрін бірдей жайратып,
Батырлығым білінді.
Әзілімді пайымда,
Суып кетті шәйым да.
Туып кетті осы өлең
Сол он шыбын жайында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақшаны кім қалай табады?

  • 0
  • 0

Ақша табу оңай ма?
Керек оған он айла:
Біреу біреуді алдап табады,
Біреу жанын жалдап табады.

Толық

Қарлығаш туралы аңыз

  • 0
  • 0

Әжем кейде отырып,
Көп әңгіме шертетін.
Жүрегіңе от үріп,
Тұла бойды ерітетін.

Толық

Шабақтар

  • 0
  • 0

Көл бетінде шабақтар
Шолпылдайды, ойнайды.
Дегендейін қарап қал
Қара суды бойлайды.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер