Өлең, жыр, ақындар

Хор

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2458
Аудан басшылары хор құрамыз деп,
Хор болғанда, зор қыламыз деп,
Ұранды тастап жіберді,
Бір әнді бастап жіберді.
Алыстан іздемей-ақ жетекшіні,
Шақыртып алды есепшіні.
Өйткені, ол тойларға барып жүретін,
Ептеп ән салып жүретін.
Әуелі ол қашқақтап көрді,
Басшылар айтқан соң, бастауға көнді.
Хорға жетекші енді.
Алайда, он адамнан хор бола ма?
Жүзі жиналмаса, оң бола ма?
«Әншілер» әр мекемеден сұрыпталды,
Кей кеңседе іс тұрып қалды.
Клубқа көнген де барды,
Көнбеген де барды.
Дауысы келген де барды,
Келмеген де барды
Бірінің дауысы арындап шықса,
Бірінің дауысы барылдап шықты.
Бірінің дауысы қырылдап шықты.
Бірінің дауысы шырылдап шықты.
Хор болмады, сор болды,
Клубтан кете алмай,
Жұмысқа жете алмай,
Жиналғандар қор болды.
Еш нәрсе ешкім ұқпады,
Бір айда бір ән шықпады.
Аудан басшылары, алайда,
Оған қарай ма?
Облысқа беріп жатты ақпарды:
«Жүз адамнан тұратын,
Жұртты қайран қылатын
Хорымыз бар!» – деп мақтанды.
* * *
Хор көп ұзамай тарап кетті,
Бірақ, бір іске жарап кетті:
Басшылардың бұл қалжыңы,
Шын таланттарды табатын,
Мәдениет сарайын салатын
Бөлдіріп алды қаржыны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан

  • 0
  • 0

Оқудан – алыстан
Келгенде ағам,
Ойыншық арыстан
Әкелді маған.

Толық

Жылдың басы

  • 0
  • 0

Тамылжыған таңы бар,
Әппақ ұлпа қары бар.
Қаңтар айы жарасты
Жылдың басы – танып ал.

Толық

Жаңа жауған қар іргесі тез іріп

  • 0
  • 0

Жаңа жауған қар іргесі тез іріп,
Былжырады табан асты езіліп.
Тап осындай ауа райы тұсында
Тұрады екен бір кемшілік сезіліп.

Толық

Қарап көріңіз