Өлең, жыр, ақындар

Күн мен түн

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1472
Күн Түнге мақтанды,
Бар сырын ақтарды:
«Мен – Күнмін,
Күшімді білгін.
Мықтының өзімін,
Тіршіліктің көзімін.
Таңның атысы,
Күннің батысы
Құрт-құмырсқа
Жәндіктен бастап,
Ақылды адамдар қоштап,
Кірісіп жұмысқа,
Талай істі тындырады,
Өмірді гүл қылады.
Ал, сен түнексің
Жарықтан қорқатын,
Бұқпалап жортатын
Ұры-қарыға тірексің.
Жұмыс түгел тоқтайды,
Тіршілік тынысы соқпайды.
Бүкіл әлем титыға,
Батады ұйқыға».
Түн-дағы қарап тұрмады:
Менде де бар тынбаған,
Үздіксіз зырлаған
Өмір ырғағы.
Білемісің махаббаттың мекенін?
Талай жасты шын бақытты етемін.
Не бір ғалым кітаптан бас алмастан,
Дана ойлар жалғасқан.
Түнде албырт ақындар
Шабыттанып лапылдар.
Көпшілік жан жатса егер тыныстап,
Мызғып алып аз ғана,
Қайта тұрып маздана,
Жалғайды ісін дұрыстап.
Ал, жауыздар, дінсіздер
Жортып жүр ғой күндіз де».
* * *
Төрелігін айтты сонда бір ғалым:
«Аян маған сырларың.
Күн артынан Түн келер,
Түн артынан Күн келер,
Жақсыны да, жаманды да тең көрер,
Бұл жұмыр жер мәңгі солай дөңгелер».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айрықша белгің өзгеден

  • 0
  • 0

Айрықша белгің өзгеден –
Сиқырлы, сұлу көз-берен.
Кереметтігін суреттеп,
Жеткізу қиын сөзбенен.

Толық

Келме дедің – келдім

  • 0
  • 0

Өзіңді көремін деген армандарым-ай,
Көрген кезде келбетіңе таңданғаным-ай.
Алғашқыда таң-тамаша тойда таныстық,
Жұмбақты бір ойда қалыстық.

Толық

Сот бары

  • 0
  • 0

Жолдасыммен жақында
Бір қалада болып ем,
Көшелерін шолып ем,
Әңгіме сол қақында.

Толық

Қарап көріңіз