Өлең, жыр, ақындар

Хайуанаттар көрмесі

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 887
О, жасаған, жасаған!
Бәрі тордан босаған –
Аң дегенің босып жүр,
Бірін-бірі тосып жүр.
Қаршығалар ұшып жүр,
Торғайларға түсіп жүр.
Қасқыр қойды түріп жүр,
Шеттерінен қырып жүр.
Екі Теке қызысып,
Жатыр жеке сүзісіп.
Екі Өгіз бұрышта,
Мән бермей еш дыбысқа,
Жүрістерін бақылап,
Ойнап отыр шахмат.
Көзәйнекті бір Түйе,
Самай шашы үрпие,
Оқып отыр әлде не.
Түлкі болса сәндене,
Жанай оны өтіп жүр,
Кейде сүйкеп кетіп жүр.
Бір бұрышта Жираф жүр,
Басқалардан ширақ жүр:
Өз-өзінен жұлынып,
Жатыр қатты шынығып.
Аққу көлде сызылып,
Серігіне сүзіліп,
Емірене қарайды,
Қауырсынын тарайды.
Бір бұрышта асхана,
Асхана емес – масқара!
Төрт-бес Аю бірігіп,
Ішіп жатыр құнығып...
Жапалақтар жалпылдап,
Қарға ұшып жүр қарқылдап.
Сықылықтап Сауысқан,
Талдан-талға ауысқан.
Салпаң құлақ Есек те,
Жатып алып төсекте,
Гитара ойнап шатылған,
Барынша кеп бақырған.
Бір топ Маймыл жиналып,
Басты дейсің биге анық:
«Той үстінде тәтті күндер,
Тәтті күндер!
Жас жұбайлар, шат күліңдер,
Шат күліңдер!
Ән салайық, би билйік,
Би билейік!
Шарықтасын шаттық үндер,
Шаттық үндер!
Арақ!
Шарап!
Коньяк!»...
* * *
Айқай-шудан састым да,
Құлағымды бастым да,
Шығып кеттім көрмеден,
Қызық екен көрмеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге

  • 0
  • 1

Неге мөлдір бұлақ?
Неге желбір құрақ?
Өмір толы сұрақ.
Ойлашы

Толық

Ауырады жүрек

  • 0
  • 0

Ауырады жүрек болған соң жүрек,
Кеудеге келіп қонған соң жүрек.
Ақылды қанша болса да адам,
Жүрексіз қалса, соншама надан.

Толық

Есек

  • 0
  • 0

Шаруаның бар еді бір Есегі,
Жоқ еді оның теріс мінез кеселі,
Беталдына мақтанбайтын желігіп.
Тоғай кезіп кетпесін деп құлдырап,

Толық

Қарап көріңіз