Өлең, жыр, ақындар

Қоқи Қораз

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 951
Қоқи Қораз кафедра меңгерді,
Жас Мекиен иіскеуді жөн көрді.
Билік тиіп отырған соң марқайып,
Өз жұбайы қалғандай еді қартайып;
Балапандары жетілді.
Мейлі, дұрыс, бұрыс-ты,
Таңданарлық бір істі
Бастамаққа бекінді.
Тілегенге – сұраған,
Бір Мекиен тап келді
Сол сұлуға ұнаған
Қоқи Қораз тап берді:
«Қабылдаймын жұмысқа,
Әрі сырттай оқисың.
Бірақ, шықпай тұрмысқа,
Бітіргенше дұрыстап,
Тек ғылымды тоқисың.
Саған деген жол ашық,
Кандидат та боласың»...
Әрі қарай не болды?
Мекиенді қабылдап,
Кәрі жүрек жалындап,
Қоқи Қораз көрсетті шын өнерді,
Шығарды естен қатын, бала дегенді.
Астында әппақ машина,
Отырғызып қасына,
Мекиенмен жөнелді,
Көп қызыққа кенелді...
Таса қылмай көзінен,
Қайда барса, өзімен
Алып жүрді тастамай,
Тірлігі жоқ басқадай.
Қосылғанда бастары,
Күліп жүрді достары:
«Кәрі тарлан қасқам-ай!»
Кафедра тірлігі
Құлдырады төмендеп.
Қоқи Қораз бір күні
Ойламады өлем деп.
* * *
Кафедра кетсін мейлі өртеніп,
Мекиеннің еркелігі – еркелік,
Бар өзінің есебі:
Қорғағанша Қоразбенен достасып,
Дипломды алған күні қоштасып,
Ат құйрығын кеседі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмейді

  • 0
  • 0

Күнді де біреу күн дейді,
Жарқыраған нұр дейді.
Бірақ, күннің өзінде
Түнек барын білмейді.

Толық

Ана

  • 0
  • 0

Ең ақылды сөз –
Ананың сөзі.
Ең мейірімді көз –
Ананың көзі.

Толық

Кім қандай ғұмыр кешкен

  • 0
  • 0

Отыз бес жыл,
Отыз бесінші көктемім.
Отыз бес жыл – уақыт қой көп керім.
Отыз бес жыл қуарып,

Толық

Қарап көріңіз