Өлең, жыр, ақындар

Кілт пен құлып

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1541
Есікте құлып тұрды,
Тесікте кілт тұрды,
Соңғысы күліп тұрды:
– Құлыпты қашанда,
Жабам да, ашам да.
Сонда да
Бағамды ол білмейді,
Көзіне ілмейді.
Өкпем сол ғана –
Сені жұрт пір дейді.
Бірақ, менсіз
Ретсіз, жөнсіз
Үйге ешкім кірмейді.
Құлып былай деді:
– Соншалық Құдай ма едің?
Үйді бақсаң,
Мені ашып-жапсаң,
Орындағаның қожаның бұйрығын.
Ал, өзінше ашпайтын,
Ешқайда баспайтын,
Белгілі ғой құйрығың.
* * *
Мысалда мынандай мән бар:
Біреусіз ештеме шешпейтін,
Өзінше өспейтін
Аз емес қой жандар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір күшік пен бір құрлық туралы ертегі

  • 0
  • 0

Түрлі-түрлі ертегі
Тұла бойды ерітеді.
Түні бойы тыңдаймыз,
Қасып қойып желкені.

Толық

Қасқыр мен қойшылар

  • 0
  • 0

Тақап Қасқыр Қойшы үйіне – қақпаға,
Сығалады сақтана.
Таңдап алып қойдың нағыз алыбын,
Біраз Қойшы жатыр екен бөлектеп,

Толық

Айналдың әндерге әсем

  • 0
  • 0

Мен – қайсар тас жүрек ем,
Емендей иілмеген.
Сен – жайсаң жас жүрек ең,
Жігіт жоқ сүйінбеген.

Толық

Қарап көріңіз