Өлең, жыр, ақындар

Кашпировскийден кейін

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 509
Теледидардан көріп,
Кашпировскийге сеніп,
Жетпістегі Қасым
Әппақ қудай шашын
Қараяды деп бекініп еді,
Үш мәрте отырып еді.
Алдына алып шарайнаны,
Қарағанмен қараймады.
Төртінші рет абайлады,
Шашы тағы қараймады.
Содан кейін айлаға көшті,
Айласы пайдаға көшті.
Барды да жақын қалаға,
Боятып шашын қараға,
Сөздерімен жаттанды
Достарына мақтанды:
«Кашпировский құдірет,
Көргеннен кейін бір рет,
Қарайтты түгел шашымды,
Демікпем де басылды...».
* * *
Қасым сөйтіп бөсіп жүр.
Басқа шалдар таңданып:
«Рақымы Алланың
Қасымға-ақ түскен», – десіп жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп

  • 0
  • 0

Қалдың сен талай рет көрмеймін деп,
Кеттім мен талай рет келмеймін деп.
Осынша дау айтқызып, өрекпітіп,
Осынша кердеңдеткен нендей міндет?

Толық

Көлдер

  • 0
  • 0

Көлдер көктен керемет,
Қарасаң бір айнала.
Жерге қойған шегелеп
Ұқсайды алып айнаға.

Толық

Мен сені көрген сәттен

  • 0
  • 0

Мен сені көрген сәттен лаулап әр күн,
Гүл теріп тауға бардым, бауға бардым.
Білмеймін, азабың ба, мазағың ба?
Әйтеуір, жүрегімді жаулап алдың.

Толық

Қарап көріңіз