Өлең, жыр, ақындар

Өмір сахнасы

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1234
Қарап тұрсаң өмірге,
Біздің қоғам тегінде,
Үлкен театрдан аумайды,
Халық қоғадай қаулайды.
Ал, Парламент пен Билікте
Отырғандар килікпе,
Сахна мен циркте
Рөлдерді не түрлі
Ойнап жүрген әртістер секілді.
Режиссер не айтса да көнеді,
Сценарий бойынша өл десе, өледі.
Күл десе, күледі,
Ит болып үр десе, үреді.
Біреуді қап десе, қабады,
Ат десе, атады,
Дініңді сат десе, сатады.
Күнаға белшеден батады,
Халықтың онда жоқ шатағы,
Өз жөндерімен жүріп жатады,
Өйткені, олар ойынға келген көрермен,
Ойын оларға не берген?
Өтірік ойынға өтірік мәз болып қайтады,
Бірақ, өкпелерін кімге айтады?
Айтқанмен, оларды кім тыңдайды?
Сондықтан, халық бұлқынбайды,
Алға ұмтылмайды.
Әртістерге кінә таға алмайды,
Дәлелсіз жала жаба алмайды.
Өйткені, олар жоғарыдан сайлаулы,
Сценариге байлаулы.
Олардың жүріс-тұрысын да,
Рөлдерінің қырыс-бұрысын да
Режиссердің бір өзі кесіп-пішеді.
Жоқ қолдаушы, тыңдар да,
Қалың халықтың мұң-зарына
Кім араша түседі?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәріміз үшін

  • 0
  • 0

Каналшылар канал қазар
Бодер үшін!
Біздер үшін!
Мақташылар мақта алар

Толық

Қайта құрылған команда

  • 0
  • 0

Барлық жерде қызу іс жүріп жатыр:
«Қайта құрып» жатыр.
Футбол командасы «Жігердің»
Басшылары бірер күн

Толық

Маймылдар

  • 0
  • 0

Ақылға сап үйренген іс оңтайлы,
Асар дәйім пайдаға.
Ақылсыз іс қайда да,
Құдай ақы, оңбайды!

Толық

Қарап көріңіз