Өлең, жыр, ақындар

Анық асық – әулие...

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 2
  • 16276
Анық асық – әулие,
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексiз өзге дүние.

Жарынан бөлек жаны жоқ,
Табатын басқа жары жоқ.
Асықтан аяп қалатын
Иманы, малы, ары жоқ.

Жарының жаны – жандары,
Жалынға жанбас тәндерi.
Дозақтың отын өшiрер,
Жүректен аққан қандары.

Шын қасиет соларда
Дегенiм күнә болар ма.
Құбылма мiнез, тайғақ ой,
Екi сөз болмас оларда.

Тасбиық, сәлде, жайнамаз,
Тастамасаң қыс пен жаз,
Жүрегiң болса тайғақ саз –
Сопысынып қылма наз.



Пікірлер (2)

Әбіш

Керемет

Каусар

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Өмірдің ұнап ойынын...

  • 2
  • 3


Өмiрдiң ұнап ойынын,
Шатыраш ойнап жүрмiн шат.
Жер ашып тұр қойынын:
«Кел жылдам,– деп,– көрге жат!»

Толық

Жар көрмеген надандар...

  • 1
  • 2

Жар көрмеген надандар
Жарың кiм деп күледi,
Оқыған ойсыз адамдар
Жансыз өмiр сүредi.

Толық

Алты әңгіме

  • 1
  • 1

Алты әңгіме оқуға жайың бар ма?
Ұсындым жаңа өспірім ғалымдарға.
Әншейін бос сөз демей ғибрат ал,
Ой жібер ішкі сырын пайымдарға.

Толық

Қарап көріңіз