Өлең, жыр, ақындар

Екінші өкініш

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1246
Өмір деген қалт етіп,
Жай оғындай жалт етіп,
Өтетіні өкінішті.
Адамдардың осыны
Мәңгілікке дос ұғып,
Кететіні өкінішті.
Бола қалса мүмкіндік,
Бас пайдасын бір күндік
Көздейтіні өкінішті.
Қалса бір сәт бөліне,
Жем боларын бөріге
Сезбейтіні өкінішті.
Жалпы қазақ баласын
Үшке жіктеп арасын,
Ашатыны өкінішті.
Батыр шықса бір жерден,
Өз руына бірденнен
Қосатыны өкінішті.
Ақтамберді кім еді? –
Ошақтының ұлы еді.
Туған жері дара тау –
Қасиетті Қаратау.
Айтар болсақ арыдан,
Жалғыз болып Сарыдан,
Құра алмаған дара отау.
Ағайынмен сиыспай,
Өз елінен қиыстай,
Жүріп кеткені өкінішті.
Шұбартаудың жеріне,
Қалың Найман еліне
Сіңіп кеткені өкінішті.
Ақтайлақ би, Дулаты –
Наймандардың қуаты.
Ағайыным болар деп,
Ақтамберді солармен
Қатар өмір сүрді ғой,
Наймандарға сіңді ғой.
Ақтайлақ пен Дулатты
Баса мақтап, жырлатты.
Атақтарын асырды,
Кітаптарын бастырды.
Ақтамберді батыр ғой,
Әрі жырау, ақын ғой.
Неге оның жинағын
Шығаруға қимады?
Болмай-ақ қойсын Ошақты,
Найман болып атақты,
Кіріге алмағаны өкінішті.
Қанша Найман десек те,
Алынбай елдік есепке,
Кірме болғаны өкінішті.
Еш болмаса мазарын да,
Көрген елдің назарында
Тұратын етіп көтермей,
Қазақ емес, бөтендей,
Ескерусіз өтердей,
Мүрде боп қалғаны өкінішті.
* * *
Мырзатайдай ғалым мырза,
Аты елге мәлім мырза
Ошақты деп Ақтамбердіні,
Мақтанғаны белгілі.
Наймандардың, бірақ,
«Шабуылына» шыдап,
Оларға «пәлен» дей алмай,
Ақтамбердінің ірі екенін,
Жалпы қазақ ұлы екенін
Нақты дәлелдей алмай,
Үндемей қалғаны өкінішті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бөліс

  • 0
  • 0

Ортақ кеңсе, үйлері бар бақшалы,
Саудагерлер әділ істеп жұмысты,
Таудай үйіп ақшаны,
Олжаларын бөлісуге кірісті.

Толық

Қожалақ

  • 0
  • 0

Бала болды ертеде.
Жалқау ма,
Әлде ерке ме,
Кесір ме,

Толық

Бұлақ

  • 0
  • 0

Бұлаққа айтты малшы жапа шеккенін,
Қайғы-мұңын, басқа түскен күйікті:
Қозысының сүйікті
Өзенге ағып кеткенін.

Толық

Қарап көріңіз