Өлең, жыр, ақындар

Тасбақа мен қаршыға

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 901
Бір кездері Қаршыға мен Тасбақа,
Жануарлар секілденіп басқа да,
Жер бетінде қатар өмір сүріпті,
Бір-бірімен араласып жүріпті.
Екеуі де тойға бірге барыпты,
Биін билеп, әсем әнге салыпты.
Таң-тамаша болғаннан соң, алайда,
Ішу керек, қызу керек қалайда.
Бір-екі рет қызып қалса есіл ер,
Алғашқыда ағайындар кешірер.
«Қалдырмайық, – дегеннен соң, – думанды»,
Тасбақаны Қаршыға да құп алды.
Қарамай еш тәтті тағам, асқа да,
Әр той сайын тойып ішті Тасбақа.
Ар-ұят пен қанағаттан безген кез,
Жаман атақ құтылған ба езден тез?
Айырылып қауіп-қатер, сезіктен,
Төрт тағандап шығып жүрді есіктен.
Бара-бара адым аттау мұң болып,
Ішіп кетті шарапқа шын құл болып.
Бір аттаса, тарылып бар тынысы,
Тасбақаның өнбей қойды жүрісі.
Ал, Қаршыға, небір сынақ кезінде
Тізгін берді сабырлық пен төзімге.
Біреу мақтап тұрса-дағы таспады,
Артық іске, арамдыққа баспады.
Тамақты да тарта ішті шамалап,
Тасбақаны сөкпеді де табалап.
Шектен шығып кеткен еді, өйткені,
Көтере алмай кеудесі мен бөксені,
Өз-өзінен шаршап қатты, шабандап,
Босағада қала берді табандап.
Ал, Қаршыға пәктігімен ойының,
Сергектігін сезіп тұла бойының,
Кеудесіне керемет күш кеп тосын,
Ұшып кетті бетке алып көк төсін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан сақтау ма әлде қақтау ма?

  • 0
  • 0

«Бақсыға барсаң, бақтыр дейді,
Тәуіпке барсаң, қақтыр дейді», –
Деген сөз тегін бе?
Не болмайды өмірде?

Толық

Қырық қарлығаш

  • 0
  • 0

Баяғы өткен заманда
Жұт болды бір алапат.
Мал түгілі адамға
Әкелді ол зар, апат.

Толық

Лақ

  • 0
  • 0

Мойнын иіп төменге,
Селтеңдетіп құлағын,
Қарғып кетті өзенге
Ахметтің лағы.

Толық

Қарап көріңіз