Өлең, жыр, ақындар

Мақтау мен даттау

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1292
1
Кейбір жеңгей желігіп,
Елден ерек ерігіп,
Жайға карап жатпайды,
Күйеулерін даттайды:
«Менің байым бай емес,
Бұл жүрісі жай емес.
Күні-түні ішеді,
Беті, қолы іседі.
Әкелмейді көк тиын,
Үйде бүтін жоқ бұйым.
Келтіріңіз жөнге», – деп,
Моншақ жасы дөңгелеп,
Арыз айтып зарлайды,
Кеңселерді шарлайды.

2
Кейбір жеңгей мінезі?..
Дүниеқор тым өзі.
Күйеуі боп тісқаққан,
Пайда тауып пұшпақтан,
Бұрқыратып ақшаны,
Тағы-тағы басқаны
Әкеп жатса үйіне,
Бұл ісіне сүйіне:
«Менің байым намысты ер,
Елден ерек табыскер», –
Деп күйеуін мақтанды,
Айыбын да ақтайды.
«Қазынаны ұрлап жүр», –
Деп ешқайсысы айтпайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қой мен Қоян

  • 0
  • 0

Қой мен Қоян әңгімені бастады,
Ешкімнен қорқып-саспады.
Қой былай деді:
– Момын ғып жаратқан Құдай мені.

Толық

Айгүлім

  • 0
  • 0

Қазақтың сен қызы емессің жай бірі,
Үнің мақпал, жанарыңда ай нұры.
Аққу болып қондың менің көліме,
Аялайды арманымның айдыны.

Толық

Омарташы аю

  • 0
  • 0

Бірде аңдар қалап алып Аюды,
Тапсырды бал омартасын бағуды.
Басқа біреу таппады ма бұдан да?
Аю біткен емес пе еді балқұмар?

Толық

Қарап көріңіз