Өлең, жыр, ақындар

Арыстан, бөкен және түлкі

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1422
Ну жыныста қуды Арыстан Бөкенді,
Міне, міне, ұстады...
Ашылды аран тұста бұл,
Шынында да түскі тамақ жетерлік.
Енді қашып құтыла алмас дегенде ол,
Қарсы алдынан кездесті бір терең ор.
Бөкен жиып бойда күшін ақырғы,
Жебесіндей садақтың
Сол бетінде терең орға атылды,
Мүйіздерін табанына қадап бір;
Тұрып қалды Арыстан,
Жақын жерде жүр еді бір таныс аң:
Ол танысы Түлкі еді.
«Болса, – деді ол, – сендегі күш бойдағы,
Құтқармас ем бұл Бөкенді ойдағы,
Шын ұмтылсаң, қиын емес бұл тегі.
Қорықпасаң, кең болғанмен жар мына,
Болады әбден қарғуға.
Достығым мен арыма сен сене бер,
Сендей күшке ие болсам мен егер,
Сол Бөкенге сайдағы
Қарғып барып төнер ем».
Арыстанның қаны сол кез қайнады.
Қарғып кетті салып барлық салмағын,
Бірақ, жардан өтіп кете алмады.
Етті бірден Арыстан жан тәсілім,
Деді сонда досы не?
Түлкі асықпай орға түсті ақырын,
Патшасының бітті сыйы осымен:
Енді өзінің еркінде,
Жетті арқасы кең күнге.
Еске ап достың жетісін,
Мол етті жеп, қалды әбден жетісіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жағажай

  • 0
  • 0

Айдын да көкпеңбек,
Шалғын да көкпеңбек.
Қыз, жігіт көптен көп
Кеткен бе көктем боп?

Толық

Тең келмейтін нар, атан

  • 0
  • 0

Тең келмейтін нар, атан
Қысымына күшінің,
Жігіттердің жаратам
Мәрмәрдай нық мүсінін.

Толық

Бүркіт пен тауықтар

  • 0
  • 0

Күнді анықтап көргісі бір келгенде,
Бүркіт ұшты шарықтап.
Біраз жүрді қалықтап,
Жай ойнайтын жерлерде.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар