Өлең, жыр, ақындар

Теңізші мен теңіз

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2053
Толқынменен құм жағаға шығып қап,
Қалжыраған Теңізші кетті ұзақ ұйқыға.
Ояна сап, Теңізге тиісті ол құйтыға:
«Сенсің, – деді, – бүлік нақ!
Жатқандай боп тыныстап,
Бізді өзіңе шақырасың, арбайсың,
Сөйтесің де, түгел жұтып жалмайсың».
Сонда Теңіз толқынымен ырғақты
Теңізшіге тіл қатты:
«Мені айыптап, текке кінә тағасың,
Менде жүзу қауіпті емес, қарашы.
Туласа егер тұнық теңіз тұлданып,
Онда оған айыпты сол ұлдары:
Солар мені мазалайтын азынап,
Егер маған сенбесең,
Байқап көрші өзің-ақ.
Жолға шыққын кемемен желдің үні сөнгенде,
Салмақтырақ болам сонда жерден де».
Тура айтамын – дұрыс ақыл, шындық сол,
Бірақ, желсіз желкенмен орныңнан тек жылжып көр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оп-оңай ойлар айтпақ боп

  • 0
  • 0

Оп-оңай ойлар айтпақ боп,
Қиналам кейде керемет.
Ақындар аулын айттап кеп,
Жегемін жанды жебелеп.

Толық

Сүйінші

  • 0
  • 0

Тұра шапты Далабай
Малда жүрген Мақпалға:
– Сүйінші де сүйінші!
Бұдан артық бақ бар ма?

Толық

Көкек пен бүркіт

  • 0
  • 0

Сен Бұлбұлсың деді Бүркіт Көкекке.
Жаңа атақпен ерекше
Қонды Көкек терекке,
Өз өнерін танытпақ боп ен көпке,

Толық

Қарап көріңіз