Өлең, жыр, ақындар

Шаруа мен қарақшы

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 887
Басымызға қайғы бұлты төнгенде,
Құтқарғанға бас июге дайынбыз.
Қиын сәтте шындап көмек бергенге
Жаманшылық жасауымыз жаман-ақ:
Алғысқа шын лайықты
Болып шықса айыпты,
Міне, ғаламат!
* * *
Шаруа мен Батырақ кешкі мезгіл болғанда,
Келе жатты орманда.
Кездері еді пішен шауып оралған,
Үлкен Аю шыға келді тап алдан.
Ойлантып та үлгерместен бас қамын,
Аю бірден Шаруаны бас салды.
Домалатып, бүріп бүкіл кеудесін,
Шаруаның шығарды ол демде есін;
Шалға өлім тақады:
«Степанжан, айналайын, бармысың?» –
Деп Шаруа достың атын атады.
Геркулестей Батырақ жиып алып бар күшін,
Шалға төнген бәленің
Жарты басын шауып түсті әуелі,
Содан кейін айырменен жарды ішін.
Өкіре кеп Аю өліп құлады,
Соңғы демі шыға бір.
Қауіп кетті. Шаруа ұрса сұрады
Не істедің деп мынаны?
Сорлы Степан қалды лезде абдырап,
«Кешір, не үшін?» «Соның үшін, ақымақ!
Мәз боласың не үшін?
Бүлдірдің ғой Аюдың сен терісін!».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Армиямыз айбынды

  • 0
  • 0

Жаппасын бұлт көк төсін,
Бүркемесін Ай, Күнді.
Жаулар кәрін төкпесін,
Армиямыз айбынды.

Толық

Көйлек хикаясы

  • 0
  • 0

Арман таңнан заулайды,
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.

Толық

Айтерек – Күнтерек

  • 0
  • 0

– Елден бұрын тым қатты
Қақпамызды кім қақты?
Айтерек те Күнтерек,
Айтшы, саған кім керек?

Толық

Қарап көріңіз